17 наурызда "Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлама

14.02.25 12:42
/KASE, 14.02.25/ – "Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы” АҚ (KASE тикері – MREK) 2025 жылдың 17 наурызында акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлайды. Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе – "Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы" АҚ-тың 2025 жылға бюджетін бекіту туралы". Жиналыс өткізілетіні туралы хабарлама мына сілтеме бойынша жарияланған: https://kase.kz/files/emitters/MREK/mrek_special_shareholders_meeting_info_170325_394.pdf [2025-02-14]