KASE АЛАҢЫНДА FEAS МҮШЕЛЕРІНІҢ БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 40-ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
14.02.25 12:27
/KASE, 14.02.25/ – 2025 жылдың 13 ақпанында Қазақстан қор биржасы
(KASE) алаңында Еуро-Азия қор биржалары федерациясының (FEAS) Бас
Ассамблеясының 40-отырысы өтті.
Іс-шара барысында FEAS мүшелері ұйымның атауын Еуро-Азия капитал
нарықтары федерациясы деп өзгертуді бірауыздан мақұлдады. Бұл шешім
қатысушылардың кең ауықымын қамту мақсатында FEAS қызметінің аясын
кеңейтуді көздейді.
"Қолдаушы серіктестер" атты жаңа мүшелік санатының енгізілуі де
Федерация үшін маңызды қадам болды, ол қоғамдастыққа қаржы
делдалдарын, инвестициялық компанияларды, банктер мен технология
компанияларын шақыруға мүмкіндік береді.
Аталған іс-шара аясында қатысушылар Федерацияның 2025 жылға
арналған жоспарларын, биржалар арасындағы ынтымақтастықты
дамытудың негізгі мәселелерін талқылап, өз тәжірибесі мен капитал
нарықтары инфрақұрылымын дамытудағы озық тәжірибе туралы
ақпаратын бөлісті.
[2025-02-14]