Қазақстан қор биржасының Басқармасы Еуропалық қайта құру және даму банкінің шығаруы жоспарланып отырған XS3004202225 (EBRDe27) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына қосуға келісімін берді
14.02.25 10:22
/KASE, 14.02.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2025 жылдың 13
ақпанындағы шешімімен Еуропалық қайта құру және даму банкінің
шығаруы жоспарланып отырған XS3004202225 халықаралық
облигацияларын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары" секторына қосуға келісім берілді.
Көрсетілген облигацияларды айналымға шығарудың бастамашысы – "Tengri
Partners Investment Banking (Kazakhstan)" (Алматы).
KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енетін күн туралы қосымша
хабарланады.
Бұл облигациялармен KASE-де сауда-саттық жасаудың ашылғаны туралы
да қосымша хабарланады.
Облигацияларға берілген қысқаша белгі (сауда коды) EBRDe27.
KASE Басқармасының шешімі күшіне енгеннен кейін, осы облигациялар
шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE-нің интернет-ресурсында
жарияланады.
[2025-02-14]