/KASE, 12.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025
жылдың 06 ақпанындағы шешімімен KASE-нің "Қор нарығындағы сауда-
саттық режимі мен операциялар туралы қағида" атты жаңа ішкі құжаты
(Қағида) бекітілді, ол 2025 жылдың 14 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Қағида KASE-нің "ASTS+ сауда-клиринг жүйесінің сауда-саттық режимдері
мен операцияларының тізімдері" ішкі құжатын өзекті ету және оңтайландыру
мақсатында әзірленді.
2025 жылдың 14 ақпанынан бастап ASTS+ сауда-клиринг жүйесінің сауда-
саттық режимдері мен операциялары тізімдерінің күші жойылды деп
танылады.
Қағида KASE-нің интернет-ресурсында
https://kase.kz/ru/kase_rules/
сілтемесі бойынша ("Сауда-саттық" – "Бағалы қағаздар" қойындысы)
жарияланады.
[2025-02-12]