13 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында US57636Q1040 (MA_KZ)
MasterCard, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.
12.02.25 11:54
/KASE, 12.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
13 ақпанынан бастап есеп айырысу күні 2025 жылдың 09 сәуірiне және одан
кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
режимдеріндегі репо операциялары бойынша MasterCard, Inc. (АҚШ)
US57636Q1040 ("KASE Global" секторы, MA_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2025 жылдың 09 сәуірiнде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 11 сәуірiнен
бастап қайта басталады.
[2025-02-12]