12 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Alphabet INC. US02079K1079 (GOOG_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.

11.02.25 18:03
/KASE, 11.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 12 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 10 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін, Alphabet INC. (АҚШ) US02079K1079 ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 10 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 12 наурызынан бастап қайта басталады. [2025-02-11]