/KASE, 11.02.25/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері
– KMGZ) KASE-ге былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
10.02.2025
Құдабаев Шафкат Серікұлы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының
орынбасары болып тағайындалды.
Ш.Құдабаев Қарағанды бизнес, басқару және құқық университетін,
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, И.М.Губкин
атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінде жетекші
маманы болып бастаған.
2002-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде әртүрлі қызметтер атқарды:
ҚМ Салық комитеті заң басқармасының бастығы, Қарағанды облысы бойынша
Салық департаментінің бастығы, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
мамандандырылған басқармасының басшысы және т.б.
2020-2021 жылдары "BTS Digital Ventures Fund" ЖК-да салық мәселелері
бойынша сарапшы
2021-2022 жылдары "KAZENERGY" Фискалдық реттеу департаментінің
атқарушы директоры
2022-2024 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану
департаментінің директоры.
2024 жылғы қазан айынан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Бақылауұйымдастыру
жұмысы және сыртқы байланыстар департаменті Басқарма төрағасы
қызметінің бизнес-серіктесі болып жұмыс істеді.
Ш.Құдабаев құқықтық мәселелер жөніндегі бағытты басқарады.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_100225_kz.pdf
Орыс тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_100225_1.pdf
Ағылшын тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_100225_en.pdf
[2025-02-11]