"ТехноГруппСервис" ЖШС KZ2P00010986 (TGSVb1) "жасыл" облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
07.02.25 10:26
/KASE, 07.02.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 06 ақпанында "ТехноГруппСервис" ЖШС
(Жезқазған) KZ2P00010986 ($100 000, $25,0 млн; 3 жыл; жартыжылдық
купон, жылдық 8,00%; 30/360) "жасыл" облигацияларын баламалы
алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
"ТехноГруппСервис" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі және андеррайтері
"SkyBridge Invest" АҚ болып табылады.
Аталған облигацияларға TGSVb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілген.
"ТехноГруппСервис" ЖШС қызметінің негізгі түрі-тұрғын үй объектілеріне
кешенді қызмет көрсету.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2025-02-07]