07 ақпаннан бастап "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00013170 (NCOMb5) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

06.02.25 16:23
/KASE, 06.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 07 ақпанынан бастап "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KZ2P00013170 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, NCOMb5; $100, $10,0 млн; 03.02.25 – 03.02.26; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%, 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. [2024-02-06]