21 ақпанға тағайындалған "Нұрбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы хабарлама
06.02.25 10:27
/KASE, 06.02.25/ – "Нұрбанк" АҚ (KASE тикері – NRBN) 2025 жылдың
21 ақпанына тағайындалған акционерлердің кезектен тыс жалпы
жиналысының күн тәртібінің толықтырылғаны туралы хабарлайды.
Толықтыруды ескере отырып, жиналыстың күн тәртібі:
- акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
- банктің Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау;
- банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау;
- банк Директорлар кеңесінің сайланатын мүшесіне сыйақы төлеу,
шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын анықтау.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_meeting_new_info_210225_1645.pdf
Жиналыс өткізу туралы ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_special_shareholders_meeting_info_210225_756.pdf
[2025-02-06]