05 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Exxon Mobil Corporation
Company, Inc. US30231G1022 (XOM_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
04.02.25 17:29
/KASE, 04.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
05 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2025 жылдың 12 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
Exxon Mobil Corporation (АҚШ) US30231G1022 ("KASE Global" секторы,
XOM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының
13) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 12 ақпанында көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 14 ақпанынан
бастап қайта басталады.
[2025-02-04]