31 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

31.01.25 09:52
/KASE, 31.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 31 қаңтарынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 10 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, IBM corp. (АҚШ) US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 10 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 12 ақпаннан бастап қайта басталады. [2025-01-31]