/KASE, 30.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00001152 (MUM132_0007)
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру
бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 84,8664 % (кірістілік –
жылдық 14,00 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 2 000 000 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған
таза баға номиналдың 85,0670 % құрады (кірістілік – жылдық 13,95 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі Т+0 және өтелгенге дейінгі
мерзімі 7,5 жыл МЕУКАМ KZKD00001152 (MUM132_0007) орналастыру
бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі"
тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1536352/
[2025-01-30]