Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009438 (EABRb31) облигациялары
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
28.01.25 09:40
/KASE, 28.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
28 қаңтарынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009438
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb31;
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 30.01.24 – 28.01.25; actual/365) дисконттық
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2023 жылдың 23 ақпанынан
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 02 ақпанынан бастап ашылды.
[2025-01-28]