KASE Листингілік комиссиясы "Интергаз Орталық Азия" АҚ облигацияларының төрт шығарылымын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

17.01.25 12:38
/KASE, 17.01.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 17 қаңтарында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: 1) KZ2C00013076 (1 000 теңге, 2 409 826 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp13; 2) KZ2C00013084 (1 000 теңге, 5 820 000 000 теңге, 9 жыл 4 ай; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру күніне анықталатын болады – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы + тіркелген маржа 1 %; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp14; 3) KZ2C00013092 (1 000 теңге, 3 360 437 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp15; 4) KZ2C00013100 (1 000 теңге, 7 980 000 000 теңге, 9 жыл 4 ай; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру күніне анықталатын болады – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы + тіркелген маржа 1 %; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp16. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2025-01-17]