16 қаңтардан бастап Азия даму банкінің XS2971950428 (ASDBe19) "жасыл" халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

17.01.25 10:28
/KASE, 17.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025 жылдың 06 қаңтарындағы шешімімен Азия даму банкінің шығаруға жоспарланған XS2971950428 (7 644 657 000 теңге; 20.01.25 – 21.01.27; тоқсандық купон, жылдық 13,94%; actual/360) "жасыл" халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің" халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берілді.. Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың бұл шешімі 2025 жылғы 16 қаңтардан бастап күшіне енді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға ASDbe19 қысқартылған атауы (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/ASDBe19/ [2025-01-17]