KASE Тобы 2025-2027 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекітті

16.01.25 17:33
/KASE, 16.01.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесі және KASE Клиринг орталығының Директорлар кеңесі (бірлесіп – KASE Тобы) KASE тобының 2025-2027 жылдарға арналған Даму стратегиясын (Стратегия) бекітті. Стратегия биржалық және клирингілік қызметтер спектрін кеңейту, KASE тобы командасының жоғары клиентке бағдарлануы және кәсібилігі есебінен Орталық Азияның биржалық нарықтарындағы KASE тобының көшбасшылық позицияларын қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегияның негізгі бағыттары: - негізгі бизнестің өсуі; - жаңа өнімдер мен қызметтерді ұсыну; - IT инфрақұрылымын жетілдіру. Стратегия қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, 2022-2024 жылдарға арналған Даму стратегиясының курсын жалғастырады. KASE 2022-2024 жылдарға арналған Даму стратегиясы қаржылық инклюзивтілікті тереңдетуге – инвесторлардың әртүрлі санаттары үшін неғұрлым қолжетімді және алуан түрлі өнімдерді ұсынуға; капитал нарығының инфрақұрылымын дамытуға – қолданыстағы нарықтарды жақсартуға және эмитенттер мен инвесторлар үшін құралдарды кеңейтуге; инновациялық технологияларды енгізуге және цифрландыруға бағытталған. Үш жыл ішінде барлық нарықтардағы сауда-саттық көлемі 2,2 есеге өсіп, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 389,1 трлн теңгеге жетті. Акциялар нарығын капиталдандыру 14,3 %-ға ұлғайып, 32,9 трлн теңгені құрады. 2025 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE Индексі 5 578,10 тармақты құрап, 2022 жылдың басынан бері 52 %-ға өскенін көрсетті. Маңызды нәтижелерге бөлшек инвесторларды тарту есебінен инвесторлық базаны кеңейту, IPO/SPO сәтті өткізілген, саудаланатын құралдар тізімін кеңейту, жаңа эмитенттер – ШОБ және микроқаржы ұйымдарын тарту және ұсынылатын сервистердің сапасын тұрақты арттыру бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында қол жеткізілді. Жаңа стратегияда KASE Тобы үстем нарықтардағы көшбасшылық позицияларды сақтауға, сондай-ақ жаңа эмитенттер мен инвесторларды тарту есебінен МБҚ, акциялар, шетелдік акциялар нарықтарының өтімділігін арттыруға, жаңа үрдістерді ескере отырып, биржалық өнімдер желісін одан әрі кеңейтуге назар аударады. Толығырақ ақпарат KASE баспасөз мәлімдемесінде берілген. Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/files/press/kz/15_01_2025_strategy_kaz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/files/press/ru/15_01_2025_strategy_ru.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/files/press/en/15_01_2025_strategy_eng.pdf [2025-01-16]