17 қаңтардан Қазақстан қор биржасында iShares 20+ Year Treasury Bond
US4642874329 (TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда-саттығы
тоқтатылады
16.01.25 17:29
/KASE, 16.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
17 қаңтарынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын олармен жасалған репо
операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 03 ақпанына және
одан кейінгі күндерге келетін iShares 20+ Year Treasury Bond US4642874329
("KASE Global" секторы, TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-
саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
2025 жылдың 03 және 04 ақпанында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың
06 ақпанынан бастап қайта басталады.
[2025-01-16]