17 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында Citigroup Inc. US1729674242 (C_KZ) жай акцияларымен және төрт атаудағы ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық тоқтатылады

16.01.25 17:26
/KASE, 16.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 17 қаңтарынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 03 ақпанға және одан кейінгі күндерге келетін келесі жай акциялармен және ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды: 1) US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ) Citigroup Inc.; 2) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF; 3) US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF; 4) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF; 5) US78468R6633 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_BIL_) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 03 ақпанында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың 05 ақпанынан бастап қайта басталады. [2025-01-16]