KASE 2024 жылдағы биржалық нарықтың жұмысын қорытындылады

16.01.25 14:36
/KASE, 16.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылға қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. - KASE сауда-саттығының жиынтық көлемі 2024 жылы 389,1 трлн теңгені құрады және 2023 жылға қарағанда 5,3 % - ға немесе 21,7 трлн теңгеге төмендеді. - 2024 жылдың қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 33,2 % - ға 5 578,10 тармаққа дейін өсті. - Акциялар нарығын капиталдандыру бір жылда 23,0 % - ға 32,9 трлн теңгеге дейін өсті. - KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 1,6 % - ға 13,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. - 2024 жылы листинг процедурасынан 32 жаңа эмитенттің бағалы қағаздары өтті: біреуі акциялар секторында, екеуі KASE Global секторында, 29 корпоративтік облигациялар секторында. - 2025 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 758 атаудағы 262 эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды. Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақша нарығының және туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE бапсасөз мәлімдемесінде ұсынылған. Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/files/press/en/15_01_2025_Itogi_2024_kaz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/files/press/en/15_01_2025_Itogi_2024_ru.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/files/press/en/15_01_2025_Itogi_2024_eng.pdf [2025-01-16]