16 қаңтардан бастап KASE-де "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00012370 (MFSLb7) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

15.01.25 15:47
/KASE, 15.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы) KZ2P00012370 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFSLb7; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 360 күн; 30/360) дисконттық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/MFSLb7/ [2025-01-15]