16 қаңтардан бастап "Ломбард Прогресс" ЖШС KZ2P00012479 (MFLPb2)
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне
ауыстырылады
15.01.25 15:43
/KASE, 15.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
16 қаңтарынан бастап "Ломбард Прогресс" ЖШС (Алматы) KZ2P00012479
(KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFLPb2; 10 000 теңге,
1,0 млрд теңге; 10.01.25 – 10.01.27; тоқсандық купон, жылдық 20,00%;
30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне
ауыстырылады.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2025-01-15]