15 қаңтардан бастап Орталық контрагенттің қатысуымен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу тәртібіне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

15.01.25 12:50
/KASE, 15.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025 жылдың 14 қаңтарындағы шешімімен 2025 жылдың 15 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін "Орталық контрагенттің қатысуымен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу тәртібі" (Тәртіп) атты KASE ішкі құжатына № 1 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. KASE Tabadul dIgital Exchange Hub цифрлық биржалық хабына қосылуына байланысты түзетулер енгізілді. Жаңартылған Тәртіптің мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-саттық" – "Бағалы қағаздар" қалташасы). [2025-01-15]