15 қаңтарда KASE 2024 жылдағы қызметінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізеді

14.01.25 17:19
/KASE, 14.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 15 қаңтарында сағат 11:00-де 2024 жылы қазақстандық биржалық нарық жұмысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өтетінін хабарлайды, оның барысында KASE және KASE Клиринг орталығының (KACC) қызметі, капитал нарығындағы трендтер, сондай-ақ іске асырылғандар туралы және жаңа стратегия шеңберінде , сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарлар туралы ақпарат ұсынылатын болады. Іс-шара спикерлері – KASE Басқармасының Төрайымы Алина Алдамберген және KASE Клиринг орталығының Басқарма Төрайымы Наталья Хорошевская. Баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері pr@kase.kz пошта арқылы немесе +7 777 577 5533телефон нөмірі бойынша аккредиттеуден өтуі қажет. Аталған іс-шара Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE баспасөз бөлмесі мекен-жайы бойынша өткізіледі. Тіркелген мүшелерге Zoom-ға сілтеме (шақыру) жіберіледі. KASE журналистермен тұрақты кездесулер өткізу оның ақпараттық саясатының ашықтығы пен айқындығының бір бөлігі болып табылады. [2025-01-14]