"Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00002467 (EUBNb12) облигациялары айналым
мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
10.01.25 09:44
/KASE, 10.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
10 қаңтарынан бастап "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) KZ2C00002467
(KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, EUBNb12; 100 теңге, 5,0 млрд
теңге; 10.01.14 – 10.01.25; жартыжылдық купон, жылдық 9,00%; 30/360)
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен алынып тасталды.
Аталған облигациялар 2014 жылдың 10 қаңтарынан бастап "рейтингтік
бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің
негізгі алаңының "облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық
2015 жылдың 31 наурызынан бастап ашылды.
[2025-01-10]