KASE Листингілік комиссиясы "Интергаз Орталық Азия" АҚ KZ2C00013043 (INCApp11) және KZ2C00013050 (INCApp12) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

09.01.25 09:33
/KASE, 09.01.25/ – Қазақстан қор биржасының листингілік комиссиясы (KASE) 2025 жылдың 08 қаңтарында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: 1) KZ2C00013043 (1 000 теңге, 12 156 717 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp11; 2) KZ2C00013050 (1 000 теңге, 38 351 000 000 теңге, 9 жыл 4 ай; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + тиянақталған маржа 1 %; 30/360), торговый код – INCApp12. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2025-01-09]