"SkyBridge Invest" АҚ "KEGOC"АҚ KZ1C00000959 (KEGC) жай акциялары бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

08.01.25 09:58
/KASE, 08.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылдың 08 қаңтардан бастап "SkyBridge Invest" АҚ "KEGOC" АҚ (Астана) KZ1C00000959 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акциялары бойынша KASE-дегі маркет-мейкер міндеттерін орындаудан босатылды. Бұл шешім "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты KASE ішкі құжатының 3 бабына сәйкес маркет-мейкердің көрсетілген мәртебеден ерікті түрде бас тартуы себебінен қабылданды. [2025-01-08]