08 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында Қара Теңіз сауда және даму банкінің (Black Sea Trade and Development Bank) KZX000002183 (BSTD_KZe1) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады.

06.01.25 14:46
/KASE, 06.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 08 қаңтарынан бастап Қара Теңіз сауда және даму банкінің (Black Sea Trade and Development Bank) (Греция) KZX000002183 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BSTD_KZe1; $100,0 млн; 01.07.24-01.07.29; жартыжылдық купон, жылдық 6,25%; 30/360) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/BSTD_KZe1/ [2025-01-06]