"Еуразиялық банк" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

06.01.25 12:11
/KASE, 06.01.25/ – "Еуразиялық банк" АҚ (KASE тикері – EUBN) жалғыз акционердің 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы шешімімен М. П. Шодиева өз бастамасы бойынша қоғамның директорлар Кеңесінің құрамынан шығарылды. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Еуразиялық банк" АҚ Директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_board_changes_311224_27.pdf [2025-01-06]