KASE өзінің интернет-ресурсында Қазақстанның Freedom Holding Corp- тан желтоқсан айындағы өңдеуші салалардың PMI шолуын жариялады

05.01.25 16:20
/KASE, 05.01.25/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың желтоқсан айындағы Қазақстанның өңдеуші салаларының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу жасады. Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. компаниясының 100 % еншілес кәсіпорны) Қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтің пікірлері берілген. "Қазақстанның өңдеуші салалары жылды тарихи жоғары көрсеткішпен аяқтады, жаңа тапсырыстар мен өндіріс көлемі рекордтық деңгейде өсті. Баға факторы өзекті болып қалып отыр: шығын инфляциясының жеделдеуі сату бағасының қымбаттауына әкеліп соқты. Алайда, екі жағдайда да өсу қарқыны тарихи орта шамадан төмен болуы оптимистік күйге жетелейді. Шикізат бағасының өсуі мен логистикадағы кедергілерге қарамастан, өндірушілер белсенді сатып алу мен жұмысқа қабылдау үрдісін жалғастыра берді. Қоймадағы дайын өнім қоры соңғы жеті айда алғаш рет көбейді, осылайша ұзаққа созылған сарқылу кезеңі аяқталды. Сала өкілдері 2025 жылға қатысты оптимистік пікірді ұстанады, бұдан әрі сұраныс өседі деген үмітпен өндіріс көлемін арттыруды жоспарлап отыр". Қазақ тіліндегі шолу – https://kase.kz/files/presentations/kz/KZ_Manufacturing_KAZ_2412_PR.pdf Орыс тіліндегі шолу – https://kase.kz/files/presentations/ru/KZ_Manufacturing_RUS_2412_PR.pdf Ағылшын тіліндегі шолу – https://kase.kz/files/presentations/en/KZ_Manufacturing_ENG_2412_PR.pdf [2025-01-05]