06 қаңтардан бастап бастап Қазақстан қор биржасында ORACLE CORPORATION US68389X1054 (ORCL_KZ) жай акцияларымен сауда- саттық тоқтатылады

05.01.25 15:59
/KASE, 05.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 06 қаңтарынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 09 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, ORACLE CORPORATION (АҚШ) US68389X1054 ("KASE Global" секторы, ORCL_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 2025 жылдың 09 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап қайта басталады. [2025-01-05]