30 желтоқсаннан Қазақстан қор биржасында Global X Robotics &
Artificial Intelligence US37954Y7159 (BOTZ_KZ) ETF бағалы
қағаздарының сауда-саттығы тоқтатылады
27.12.24 16:26
/KASE, 27.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
30 желтоқсанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын олармен жасалған репо
операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 30 желтоқсанына
және одан кейінгі күндерге келетін Global X Robotics & Artificial Intelligence
US37954Y7159 ("KASE Global" секторы, BOTZ_KZ) ETF бағалы
қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 30 желтоқсанында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың
05 шілдеден бастап қайта басталады.
[2024-12-27]