/KASE, 26.12.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде "Алтыналмас" АҚ (Алматы) облигацияларына төменде келтірілген
шарттарда (Астана қ. уақыты) жазылу арқылы KZ2C00012953 (KASE негізгі
алаңы, "облигациялар" санаты, ALMSb1) облигацияларын бастапқы
орналастыру жүргізіледі.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "SkyBridge
Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
---------------------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигации
ISIN: KZ2C00012953
KASE сауда-саттық коды: ALMSb1
Номиналды құны, АҚШ доллары: 100
Шығарылым көлемі, АҚШ доллары:
- тіркелген: 100 000 000
- орналастырылған (номинал бойынша): –
Айналымның басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша
алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу күні
Айналымның соңғы күні: кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады
Айналым мерзімі: 3 жыл (1 080 күн)
Купон мөлшерлемесі: жылдық 8,00 %
Купондарды төлеу мерзімділігі: жылына 4 рет
Купонды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады
Уақыттық база: 30 / 360
-------------------------------------------- --------------------------------------------------
Жазылым күні: 26.12.24
Орналастырудың номиналды көлемі, 50 000 000
АҚШ доллары:
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–16:00
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 26.12.24, 16:00
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 26.12.24, 16:30
--------------------------------------------------------------------------------
Бірлескен андеррайтерлер – "SkyBridge Invest" АҚ, "Қазақстан Халық
банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ және "BCC Invest" АҚ - "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай
мәліметтер кіреді:
1)жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы;
2)жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН;
3)Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бар және бағалы
қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрмайтын инвестор
туралы өзге де ақпарат.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері
арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына
сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/ru/membership
Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге
асырады
Бағалы қағаздарға жазылу ережесі сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/ALMSb1
[2024-12-26]