"Алтыналмас АК" АҚ KZ2C00012953 (ALMSb1) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

25.12.24 16:15
/KASE, 25.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 25 желтоқсанында "Алтыналмас" АҚ (Алматы) KZ2C00012953 (Алматы 100, $100,0 млн; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 8,00%; 30/360) облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "АК Алтыналмас" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға ALMSb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-12-25]