25 желтоқсаннан Қазақстан қор биржасында iShares 20+ Year Treasury
Bond US4642874329 (TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда-саттығы
тоқтатылады
24.12.24 17:33
/KASE, 24.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
25 желтоқсанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын олармен жасалған репо
операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 30 желтоқсанына
және одан кейінгі күндерге келетін iShares 20+ Year Treasury Bond
US4642874329 ("KASE Global" секторы, TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 30 желтоқсанында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың
05 қаңтарынан бастап қайта басталады.
[2024-12-24]