/KASE, 24.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 24 желтоқсанында "Standard Life" Өмірді
сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) KZ1C00001429 (SKSL) жай
акцияларын негізгі алаңның "стандарт" санатынан KASE ресми тізімінің
балама алаңының "акциялар" секторына ауыстыру туралы шешім
қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 25 желтоқсаннан бастап
күшіне енеді.
2024 жылдың 23 желтоқсандағы KASE тұжырымдамасында "Standard Life"
Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және оның көрсетілген акцияларының
KASE ресми тізімінің "негізгі" алаңына бағалы қағаздарды қосу және
олардың көрсетілген алаңда болуы үшін KASE ішкі құжатында белгіленген
критерийлер мен талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша
компанияның сату көлеміне (кірісі, негізгі қызметтен түсетін кірісі)
сәйкессіздігі анықталғаны атап өтілді.
Аталған акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/shares/show/SKSL/
[2024-12-24]