/KASE, 17.12.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін KASE сауда-саттық
жүйесінде жергілікті атқарушы органдардың мынадай облигацияларын
орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:
1) Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002087
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, AIK112_208; 1 000 теңге,
595 496 000 теңге; 111 месяцев; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360)
595 496 данасы;
2) Атырау облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00001034
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, ARK116_103; 1 000 теңге,
7 877 591 000 теңге; 15.07.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық 0,02 %;
30/360) 2 710 796 данасы;
3) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001956
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, KSK116_195, 1 000 теңге,
10 728 156 000 теңге; 05.08.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық 0,02
%; 30/360) 3 635 804 данасы;
4) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органы KZMF00000929
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, KOK117_092, 1 000 теңге,
20 729 051 000 теңге; 19.06.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық 0,02
%; 30/360) 9 288 572 данасы;
5) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органы KZMJ00002053
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, KOK113_205, 1 000 теңге,
1 749 498 000 теңге; 113 месяцев; жылдық купон, жылдық 0,02 %;
30/360) 1 749 498 данасы;
6) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000895
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, MGK116_089, 1 000 теңге,
10 944 013 000 теңге; 05.08.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық 0,02
%; 30/360) 3 091 959 данасы;
7) Түркістан облысының жергілікті атқарушы органы KZMJ00002079
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, TKK113_207; 1 000 теңге,
1 749 498 000 теңге; 111 месяцев; жылдық купон, жылдық 0,02 %;
30/360) 1 749 498 данасы;
8) Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000945
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, UTK116_094; 1 000 теңге,
3 110 035 000 теңге; 15.07.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық 0,02 %;
30/360) 720 220 данасы.
Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін,
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін
жүзеге асырылады.
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері - 1 облигация.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсы өтінімдерді қабылдау уақыты
бойынша.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланған
https://kase.kz/ru/membership
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы
ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері
мына сілтеме бойынша жариялнған
https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf
Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағида
мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/ru/gsecs/
[2024-12-17]