13 жетоқсаннан бастап KASE-де Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
12.12.24 18:17
/KASE, 12.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
13 жетоқсанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың
21 қаңтарына және одан кейінгі күндерге келетін Caterpillar (АҚШ)
US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-
саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі
құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025
жылдың 21 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу
үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 23 қаңтарынан
қайта басталады.
[2024-12-12]