"ҚазТрансОйл" АҚ 2024 жылдың қаңтар-қараша айында мұнайдың экспорттық және транзиттік жеткізілімдерінің көлемі туралы хабарлайды

06.12.24 11:11
/KASE, 06.12.24/ – "КазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) келесі туралы хабарлады: дәйексөздің басы 6 желтоқсан 2024 жыл 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбыры арқылы, одан әрі "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Германияға жеткізу үшін "Адамова застава" мұнай тапсыру пунктіне 1 млн 358 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді. Бұл бағыт бойынша 2023 жылдың сәйкес кезеңінде мұнай тасымалының көлемі 843 мың тоннаны құраған болатын. 2024 жылдың желтоқсан айында осы бағыт бойынша 130 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелту жоспарлануда. 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Ақтау теңіз портынан "Баку- Тбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағыты бойынша 1 млн 342 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді. 2023 жылдың дәл осы кезеңінде бұл бағыт бойынша 910 мың тонна мұнай тасымалданған еді. 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстан мұнайының "Баку - Тбилиси - Джейхан" мұнай құбырына одан әрі тасымалдануы жүк жөнелтушілердің тапсырыстары негізінде, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Бұл кестеге сай, 2024 жылдың желтоқсанында Ақтау портынан 122 мың тонна мұнай жөнелту жоспарлануда. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_061224_kz.pdf Орыс тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_061224_1.pdf Ағылшын тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_061224_en.pdf [2024-12-06]