/KASE, 29.11.24/ – Қазақстан қор биржасының Индекстер мен индикаторлар
жөніндегі комитеті (KASE) Қор нарығының индекстері мен индикаторларын
есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2024 жылдың 01 желтоқсанынан
бастап KASE_BM* сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімге
мынадай облигацияларды қосу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2C00006476 (BASPb7) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ;
2) KZ2C00011245 (BTRKb14) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ;
3) KZ2C00010304 (BTRKb9) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ;
4) KZ2C00011351 (HCBNb14) "Home Credit Bank" АҚ;
5) KZ2C00011401 (HCBNb15) "Home Credit Bank" АҚ;
6) KZ2P00010960 (MFMCb1) "MyCar Finance" МҚҰ" АҚ;
7) KZ2C00010916 (MFOKb20) "ОнлайнҚазҚаржы" МҚҰ" АҚ.
Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.
Әдістемеге сәйкес KASE үш айда бір рет KASE_BM* сериясының негізгі
алаңының қор нарығының индикаторлары: KASE_BMC таза баға индексі және
KASE_BMY кірістілік индикаторын есептеу үшін өкілдік тізімді қайта қарайды.
2024 жылдың 01 желтоқсанынан бастап KASE_BM* сериясы
индикаторларының өкілдік тізімі 59 атаудағы облигациялардан тұратын
болады.
Көрсетілген тізімді KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша көруге
болады
http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
қолжетімді
http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2024-11-29]