22 қарашадан Қазақстан қор биржасында iShares 20+ Year Treasury
Bond US4642874329 (TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда-саттығы
тоқтатылады
21.11.24 18:14
/KASE, 21.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 қарашасынан
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде
жүзеге асырылатын олармен жасалған репо операциялары бойынша есеп
айырысу күні 2024 жылдың 02, 18, 30 желтоқсанына, 2025 жылдың 03 ақпанына
және одан кейінгі күндерге келетін iShares 20+ Year Treasury Bond
US4642874329 ("KASE Global" секторы, TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 02, 18, 30 желтоқсанында, 2025 жылдың 03 ақпанында
көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты
тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың
05 ақпанынан бастап қайта басталады.
[2024-11-22]