22 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында M&T Bank Corporation
US55261F1049 (MTB_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.
21.11.24 18:07
/KASE, 21.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 қарашасынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
02 жетоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, M&T Bank Corporation
(АҚШ) US55261F1049 ("KASE Global" секторы, MTB_KZ) жай акцияларымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 02 жетоқсанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 04 жетоқсанынынан
бастап қайта басталады.
[2024-11-21]