/KASE, 20.11.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана)
жалғыз акционердің 2024 жылдың 12 қарашасындағы шешімдері туралы
KASE-ге хабарлады.
Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- қордың 2023 жылға жылдық қаржылық есептілігі (шоғырландырылған
және жеке) бекітілсін;
- қордың 2023 жылдың 1,7 трлн теңгені құрайтын шоғырландырылған таза
кірісін бөлу тәртібі бекітілсін:
- "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 50,0 млрд теңге бөлінсін;
- таза табыстың бөлінбеген бөлігі инвестициялық бағдарламаларды
қаржыландыру, борыштық міндеттемелерді өтеу және активтерді
сатып алу үшін қордың және оның компанияларының иелігінде
қалдырылсын.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkz_decision_sole_121124_7327.pdf
[2024-11-20]