/KASE, 20.11.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің
2024 жылдың 19 қарашасындағы шешімімен компания Басқармасының
құрамынан Э. Б. Сағиев шығарылғаны туралы KASE-ге хабарлады.
Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "ҚазТрансОйл" АҚ Басқармасы алты
адамнан тұрады: Қасенов А.Г., Әбдіров Т.К., Оспанов А.К., Оңғарсынов А.А.,
Қошанов Г.Ж., Исаков Ж.А.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_board_changes_191124_9941.pdf
[2024-11-20]