20 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында US6541061031
(NKE_KZ) Nike, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
19.11.24 16:31
/KASE, 19.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 қарашасынан
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде
жүзеге асырылатын, есеп айырысу күні 2024 жылдың 02 желтоқсанына және
одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, NIKE, Inc. (АҚШ) US6541061031
("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акцияларымен репо операциялары
бойынша KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 02 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 04 желтоқсанынан
бастап қайта басталады.
[2024-11-19]