/KASE, 19.11.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың
21 қарашасында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
МЕУКАМ KZKD00000774 (MUM300_0002) мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 15 284 073 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 68,6226 % (кірістілік – жылдық 13,30 %) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдың 68,6315 % құрады (кірістілік – жылдық 13,30%).
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 21 қарашада болатын
және өтеуге дейінгі мерзімі 14,7 жыл МЕУКАМ KZKD00000774
(MUM300_0002) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған
қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме
бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/news/show/1532861/
[2024-11-19]