20 қарашадан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00012230 (MFLGb4) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

19.11.24 15:17
/KASE, 19.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 қарашасынан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент) KZ2P00012230 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFLGb4; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 12.11.24 – 12.02.26; тоқсан сайынғы купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары (Шымкент) "таза" бағамен сауда- саттық тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2024-11-19]