АНОНС: 21 ҚАРАШАДА KASE "KEGOC" АҚ АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

19.11.24 12:25
/KASE, 19.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 21 қарашасында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "KEGOC" АҚ басшылығымен кездесу өтетінін хабарлайды. Іс-шараның басталуы-Алматы қ.уақыты 11:00, Өтетін орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1-қабат, KASE баспасөз бөлмесі. Кездесу барысында "KEGOC" АҚ өкілдері 2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы операциялық және қаржылық нәтижелермен таныстырады, сондай-ақ ұлттық электр желісін дамыту жөніндегі жобалардың іске асырылуы, компанияның болашағы мен даму стратегиясы туралы әңгімелейді. Сарапшылар мен қаржы сарапшылары "KEGOC" АҚ-ның қаржылық жағдайын бағалауды және компания акцияларының құны бойынша болжамдарды ұсынады. Іс-шара спикерлері: - Айгүл Әкімбаева, "KEGOC" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры; - Эльвира Қонақбаева, "KEGOC" АҚ Стратегия және орнықты даму жөніндегі басқарушы директоры; - Замира Сундетова, "SkyBridge Invest" АҚ Басқармасының Төрацымы; - Роман Асильбеков, " Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; - Бауыржан Төлепов, Басқарма мүшесі, "First Heartland Jusan Invest"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; - Сұлтан Жұмағали, "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ талдау және зерттеулер департаментінің директоры; - Ансар Әбуев, "Фридом Финанс" АҚ инвестициялық талдаушысы. Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет https://us06web.zoom.us/meeting/register/tZIufu6hrT0tG9cQ8Gzp5s2ji4WDX_2KJgYs#/registration [2024-11-19]