19 қарашадан бастап KASE-де "Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00012677 (MFDGb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

18.11.24 18:23
/KASE, 18.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 19 қарашасынан бастап "Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00012677 (MFDGb1; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFDGb1/ [2024-11-18]