18 қарашадан бастап "Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00012677 (MFDGb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

18.11.24 18:18
/KASE, 18.11.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 18 қарашасында "Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00012677 (MFDGb1; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 18 қарашасынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFDGb1/ [2024-11-18]